Жамбыл облысы Сарысу аудандық орталық мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Əйел-қыздар секторының ұйымдастырумен мешіт жамағаты мен шəкірттеріне "Дінімізде адал еңбектің алатын орны" атты тақырыпта уағыз-насихат айтылды.
Игі іс-шарада діни сұрақ-жауаптар қойылып, қызықты ойындар ойнатылды. Үгітті тек баяндау тәсілімен ғана емес, ойын тәсілімен жеткізе білген ұстаздар әйелдер жамағаты үшін мол мағұлмат бере білді.
Жиын соңында жамағатқа сыйлықтар таратылды. Рухани азық алып қайтқан жамағат жақсы көңіл күйде тарқасты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.