«КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІнДЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ УАҒЫЗ АЙТТЫ

«КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІнДЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ УАҒЫЗ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітіне, кезекті уағыз дастарханына қала имамдары мен жамағат шақырылды. Ай сайын болатын көшпелі жиынның мақсаты қала тұрғындарының арасында бірлікті арттыру әрі мұсылман бауырларымыздың Алланың нығметтерін тани отырып рухани кемелдікке жетуіне, жанының нұрлануына себепші болу. Шам намазынан кейін дастарханға отырған көпшілікке Жамбыл облысының бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы жаннат нығметтері туралы уағыз айтты.

Адам баласы бұл дүниеде жәннат, тозақты көре алмағанымен Құран және хадистерде олардың хабары келгендіктен мұсылман адам оған иман келтіреді. Аһлу сунна уал жамағаттың сенімі бойынша жәннат пен тозақ жаратылған және қазір бар, Алланың қалауымен мәңгі қалады, ешуақытта жоғалып кетпейді деп иман келтіру иманның бір бөлігі. Сондықтан пенде тозақ пен жәннатқа сенбейінше иманы дұрыс болмайды.

«Иман келтіріп, ізгі іс істегендер болса, оларға істеген (ізгі) істері үшін пана (жұмақ) бақшалары қонақжай болады», сәжде сүресі 19 аят.

Уағыз соңында қала мешіттерінен келген ақсақалдар дастарханға бата беріп, мұсылман қауымына және ұйымдастырушыларға разылығын білдіріп, дұға етті.

          «Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: