Қаңтар айындағы айлық дастархан Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешітінде жалғасын тапты.
Жиналған жамағатқа аудандық мешіттің найб имамы Асқар Зәкіржанұлы «Алла алдындағы дәрежеңді білгің келсе, Құранға деген байланысыңды қара» атты тақырыпта уағыз айтты. Жаратушы жаппар иеміздің кәлімі болған Құранды оқу, жаттаудың үлкен сауап, әрі ертең қияметте адам баласына шапағатшы болып келетініне тоқталды. Сондай-ақ Құран жаттаушы адамның жаннатта да дәрежесі үстем екендігін айта кетті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі