Шу аудандық «Төле би» мешітінің имамы Аят Дыбысұлы «Еңбекші» ауылдық мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Аталған іс-шара ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл мырзаның «Бір жұма ауыл мешітінде, бір жұма маманның қызмет етіп жүрген мешінде» атты жұма уағыздарын жүргізу тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылды.
Аудан имамы Аян Дыбысұлы мешіттегі ауыл жамағаттарының көкейде жүрген сауалдарына жан-жақты жауап беріп, дініміздің артықшылығымен ерекшелігін талдап, түсіндіріп айтты. Ауыл мешітімен ауылдың хал-ахуалымен танысып қайтты. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Қанат Жұмағұл мырзаның береген анықтамасымен «Еңбекші» мешітінің молдалық қызметін Мұрат Медет атқаратын болды.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі