Бүгін Жамбыл облысына арнайы ат артып келген ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр-Мүбарак университетінің докторанты, аға-оқытушысы, жерлесіміз Бауыржан Алиұлымен кездесу өтті.
Көненің көзі болған Тараз шаһарында ғалым, ұстаз орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде бесін намазынан кейін, сондай-ақ, қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінде ақшам намазынан кейін еркін тақырыпта уағыз жүргізді.
Дінтанушының насихатына жиналған қарасы қалың көпшілік қоғамдағы өзекті тақырыптарға тоқталып, көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.
Мешітке жиналған жамағат ғалымның үгітін ұйып тыңдап, дәйекті де дәлелді кеңестерін ойға түртіп алды. Рухани азық сыйлаған жүздесуде халықтың сұрауы бойынша көптеген мәселелер егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі