Неміс ұлтының ұлы мұсылмандықты қабылдады

Неміс ұлтының ұлы мұсылмандықты қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың қалауымен мұсылмандықты қабылдаған өзге ұлт өкілдері көбейіп келеді. Облыстың рухани жүрегі болған "Һибатулла Тарази" мешітінде жүректі тебіренткен тағы бір сәт орын алды. 

Мешітке ислам дінін қабылдау үшін арнайы келген неміс ұлтының ұлы Литергаус Геннадий мұсылмандардың қатарына қосылды. Жігітті қарсы алған "Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы Наркес Боханов ислам діні түсіндіріп, ондағы құндылықтар, асыл дініміздің бауырмалдыққа тәрбиелейтіндігі жайлы уағыз-насихат айтты. 

Ұстаз өз сөзінде Литергаус Геннадийге: "Ендігі уақытта сен бізге тек дос емес, бауыр болдың. Исламда мұсылман мұсылманның бауыры" - деп жылы лебізін жеткізді. 

Исламға бұрыннан қызығушылық танытып жүрген Генадий өз әсерімен бөлісіп: "Қатты толқып тұрмын, жандүнием алай-дүлей болып, ерекше күйге ендім. Ислам - ақиқат діні. Мұсылмандар қатарына қосылуды ойлап жүргеніме біраз болды. Енді міне, нақты шешімге тоқталып, Алланың үйіне келдім" - деп, тілін кәлимаға келтірді. 

Осындай әсерлі сәтті біздің мамандар суретке түсіріп алған болатын. Қатарға қосылған бауырымыздың жарқын бейнесін төмендегі суреттерден көріңіздер.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: