Бауыржан Әлиұлы медресе шәкірттеріне дәріс жүргізді

Бауыржан Әлиұлы медресе шәкірттеріне дәріс жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Діни ілім - білімдердің ішіндегі ең маңыздысы, ең құндысы. Өйткені, ол екі дүние үшін де қажетті. Рухани азығымыздың, жан-дүниеміздің тынысы. Осы бір тамаша мамандықтың иелері атанып, дін жолында білім алып жүрген "Һибатулла Тарази" медресесінің студенттеріне арнайы дәріс өткізілді.

Аталған кездесуді ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр-Мүбарак университетінің докторанты, аға-оқытушысы, ұстаз Бауыржан Алиұлы  жүргізді. Жамбыл облысына ат артып келген ұлағатты ұстаз шәкірттерге білім алудың маңызы, ол білімді дұрыс жетілдіру, амал ету, алған құнды дүниелерді бойға сіңіру, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өсиеті бойынша өзгелерге үйрету сынды қадау-қадау кеңестер, ұтымды ой, саналы сөз айтты.

Сонымен қатар Бауыржан Алиұлы имам мамандығымен қызмет атқаруды мақсат етіп жүрген жастарға оның қандай жауапкершілікке ие екенін жүзіктің көзінен өткендей анық, нақты түсіндіре отырып, халықпен бірге болу, көпшіліктің дәрежесіне, ой-түсінігіне, қабылдауына қарай уағызды жеткізу, халықпен қалай жұмыс жасау керек жайында сөз етті.

Жүздесу соңында шәкірттердің жаңбырша жауған белсенді сұрақтарына мәселенің түбін ойып алғандай дәлелді, мыласы келіскен тамаша жауаптар берілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"ҺибатуллаТарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: