Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы, мешіттің сауат ашу курсының ұйымдастыруымен құран хатым өтті.
Ақ жаулықты әжелер, аналар мен қыздарымыз қосылып Алланың кәләмі, қасиетті Құран кәрімді бар-жоғы 2 сағатта хатым етті.
Сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаеваның айтуынша, хатым түсіру курс үшін үрдіске айналған. Жиі-жиі осындай игі жиында бас қосатын әйелдер жамағаты бұл жолы Құранды 2 сағатта-ақ көркем, әрі тәжуидіне келтіріп оқып шықты.
Көпшілік Құран сауаптарын марқұмдарға бағыштап, Алладан жүректегі бар тілегін сұрады. Алланы еске алған жиында жамағаттың рухы көтеріліп, иманы қуатталды. Бір-біріне "дұғаңыз қабыл болсын" деп тілек білдірген нәзік жандылардың жүректеріндегі тебіреніс жүзерінен көрініп тұрды. Осындай сауапты жиын алда әлі де өз жалғасын табады. Ал келіп қатысам деушілерге мешіт есігі әрдайым ашық екенін жеткіземіз.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі