Қаратаулықтар РАНТ мүшесімен жүздесті

Қаратаулықтар РАНТ мүшесімен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас аудандық "Қаратау" мешітінде жамағатқа мол мағұлмат пен иманды қуаттайтын білім сыйлаған игі жиын өтті. Шараны жүргізуге "Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы, директор орынбасары, Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Нұралы Бақытұлы арнайы шақыртумен барып қайтты.

Әлемге танымал Мысырдағы "Әл-Азһар" университетінде білім алып, ғалым кісілердің шәкірті болған бүгінгі ұлағатты ұстаз "Жаннат ішіндегі нығмет пен зейнеттері" тақырыбында әсерлі уағыз жүргізді. Айлық насихат дастарханына 50-ге жуық адам қатысып, РАНТ мүшесінің үгітін ұйып тыңдады. 

Айта кету керек, осы мешіттің бас имамы Нұрсұлтан Алиевтың ұйытқы болуымен дастархан жиыны бейсенбі күні сүннетке сай ауыз бекіткен көпшілікке арналып ауызашар уақытында жасалды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: