Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы 100 жасқа толған, Шу қаласының тұрғыны Шу ауданының құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетті.
Сиқымбай Мамыров 1920 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылында туған. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. №132 атқыштар дивизиясы, 712 атқыштар полкінің пулеметшілер бөлімшесінің командирі. Мәскеу қаласының қорғанысына, Украинаны, Польшаны, Румынияны, Венгрияны азат етуге, Берлинді басып алуға қатысқан. Соғыстағы төрт жыл ішінде Мәскеуден Берлинге дейін жеткен. Кеңес Одағының Батыры И.В. Панфилов атындағы дивизияның құрамында соғысты. 4 рет жараланған, бірақ госпитальден кейін үнемі өз полкына оралып отырған. Отбасына қателікпен 2 рет қара қағаз келген.
Наградалары: «II дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «III дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін» және 18 мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі