Талас аудандық "Қаратау" мешітінде ауыл мешіт имам-молдаларымен жиналыс болып өтті. Аталған жиында жылдық жоспар бекітілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер 8 қаңтарда ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы және орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлдың тапсырмасына орай, биылғы жылдың жылдық жоспарына сәйкес, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына байланысты болды. Осыған орай, ауқымды істер атқару керек екені жөнінде ауданының бас имамы Нұрсұлтан Қалдарханұлы жеткізді.
Соның ішінде телеграм жүйесіне қосылу, мешіттерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, құдық қазу, көпір салу, мешіттің тазалығы, ұлттық ойындар өткізу, мешіт айналасына ағаш отырғызу, дөңгелек үстел өткізу, қайырымдылық жасау, айлық дастарқандар өткізу және тағы басқа да нақты тапсырмалар берілді.
"Қаратау" мешітінің баспасөз қызметі.