Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде қала және аудан бас имамдарының жиналысы өтті. Күнтізбеміздегі жаңа 2020 жылдың алғашқы мәжілісінде жылдық жоспар қаралып, бірқатар игі шаралар мен биік белестерді көздеген мақсат, жұмыс жоспары бекітілді.
Жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл барлық дін мамандарына түрлі 30 игі іс-шара жүргізуді тапсырды. Оның ішінде, атап айтсақ, «Бірлік пен татулық» тақырыбында Тараз қаласы конференция, Қордай ауданы форум, ал қалған барлық аудандарда дөңгелек үстел бар.
Сонымен қатар неке қиюға байланысты тапсырмалар беріліп, мешітке терминал орнату, РАНТ мүшелерін әр айда шақыру, телеграм, инстаграм, facebook сынды әлеуметтік желілерде белсенділік таныту, жылдық жоспарды өңір имамдарымен талқылау, мұқтаж отбасыларға көлемді түрде көмек көрсету шараларын жолға қою жүктелді.
Бас имам шегелеп тапсырған әр істі түсіндіріп, дін мамандарының да ұсыныс, пікірлерін тыңдады. Осы жылды ерекше қарқынмен бастаған Жамбылдық имамдардың алдағы атқаратын жұмыстарынан күтер үміті мол.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.