ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, Тараз қаласындағы «Әулие ата» мешітінде «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операциялары тақырыбында мешіттің сауат ашу курс шәкірттеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынды Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Садық Мадина ұйымдастырды.
«Соғыс аймағына азаматтарымыз не себепті кетті? Оларды елге қайтарудың себебі неде? Қазіргі таңда азаматтарымыздың жағдайлары қандай?»- деген сұрақтарға жауаптар айтылды.
Сондай-ақ, теріс ағымдардан сақтану жолдары мен теріс ағымның адам өміріне тигізер зардаптары жайында насихатталды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі