Жамбыл ауданы "Бәйдібек" мешітінде қыздар арасында Құран оқудан сайыс өтті. Аталған іс-шараны өңірден барған "Үш қоңыр" медресесінің 4 курс студенті Мөлдір Бауыржанқызы ұйымдастырды. Педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытындысы ретінде өткізген жарыста мешіттің сауат ашу курсында оқитын 30 шәкірт бақ сынады.
Құран сүрелері, 10 сүре, жарты пара сынды кезеңдерден өткен барлық қыздар алғыс хаттармен марапатталды. Ал оқ бойы оза шапқан үздіктерге қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сайыс қатысушыларына арналған сый-сияпатты ауданның бас имамы Ғарифолла Әмірбеков табыстады.
"Жас жеткіншектерге оқуда үздік, өмірде көшбасшы болуды тілейміз," - дейді ұстаздары.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.