Жамбыл облысының Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Болашақ кондитер" атты түрлі тәттілер пісіріп үйренуден мастер класс өтті. Шара тек мешіттегі дәрістермен шектеліп қалмай жан-жақты сабақтар жүргізу, жаңадан келін болған, тұрмысқа шыққалы жатқан қыздарға кеңес ниетінде жасалған болатын.
Нәзік жанды арулар бұл шеберлік сағатында қызыл бархат, вупи-пай, сүтті қыз, сникерс торты, пирожный рулет, профитроли, дамские пальчики сынды түрлі тәттілерді әдемі, дәмді етіп пісірудің қыр-сырларын үйренді.
Шараға сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева да келіп қатысты. Ас үйдің сәнін келтірер қыз-келіншектер шеберліктеріне шеберлік қосып, аспаздықты меңгерді. Жиын соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
Аспаздық мастер классқа жұмсалған барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.



09 Қараша 2025
18 Джумада-авваль 1447

