Шу ауданында екі мешітте Мәуліт шәріп оқылды

Шу ауданында екі мешітте Мәуліт шәріп оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Екі жаһан сардары Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) дүниеге келген айы Мәуліт айын тойлау, атап өту ол кісіге деген сағынышты, махаббатты білдіреді. Алланың елшісін жақсы көріп, ол кісіні жанынан артық сүю, қалдырған ізінен еру әр-бір мұсылманға міндетті. Жунайд Бағдади Алла ол кісіге рахым етсін бір сөзінде, «Кімде кім мәулітке қатысып оны ұлықтаса, ол шынында иманды» деген екен.

Алланың елшісіне болған махаббаттың серпінімен, Шу аудандық "Төле би" мешітіне қарасты ауылдық мешіттерде мәуліт шәріп оқылып және мәдениет үйлерінде аталып өтілуде. "Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дегендей, Бірлік ауылы "Бірлік" мешітінің молдасы Жұматаев Медет және Бірлікүстем ауылы "Бірлікүстем" мешітінің молдасы Әлімбеков Жетпіспайдың ұйымдастыруларымен аталмыш ауылдардың мешіттерімен мәдениет үйлерінде кең көлемде аталып өтті.

Осындай игі істердің куәсі болып қайтқан Шу аудандық "Төле би" мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлы ауыл тұрғындарымен мешіт жамағаттарына аудандық "Төле би" мешітінің бас имамының сәлемін жеткізіп, сондай-ақ, Пайғамбарға (с.ғ.с) болған махаббат тақырыбында әсерлі де әсем уағыз-насихат айтты.

Шара соңында ауыл тұрғындарына мешіт асханаларында дастархан жайылып ас берілді. Талғат Кәрібайұлы көпшілікке Құран аятын оқып, қолын жайып батасын берді.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: