Шу аудандық «Төле би» мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлы, ауданға қарасты Балуан Шолақ ауылы «Қойайдар» мешітінде шам-құптан намаздарының арасында «Қиямет күніндегі шапағат» тақырыбында уағыз айтты. Намаздан кейін арнайы жайылған айлық дастархан басында «Алланың мейірімі» атты тақырыппен уағызын жалғастырды. Жиын соңында ауылдың көне көз ақсақалы Назар атамыз еліміздің тыныштығын тілеп, батасын берді.
Сонымен қатар, найб имам Талғат Кәрібайұлы мешіттің де тұрмыс тіршілігін бақылап, мешіт имамы Смайыл Аянның атқарған еңбегіне бағасын беріп, алғысын білдірді.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі