Құран оқушылар жарысы

Құран оқушылар жарысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы аудандық мешітте құран оқушылар арасында аудандық жарыс болып өтті. Жарысқа алты жасар баладан жетпістегі қартқа дейін қатысты. Қатысушылар құранның 10 сүресінен, жарты парадан, құранды жүзінен оқудан және «100 сұрақ» кітапшасынан сұрақтарға жауап беруден сайысқа түсті.

     Сайыс басталмастан бұрын Сарысу аудандық мешітінің бас имамы Ғалымжан Қонақбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға табыс тіледі. Ары қарай әр номинация бойынша жарысқа қатысушылар ортаға шақырылып, өз білімдерін ортаға салды. Соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, әр номинация бойынша алғашқы үш орынға, 12 адамға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.

     Соңынан аудандық мешіттің бас имамы жарысқа қатысушыларды құттықтап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Сендердің қайырлыларың құранды үйреніп, басқаларға да үйреткендерің», - деген хадисіне амал етуге шақырды. Құран оқушылар арасындағы қария Ноғайбаев Керімқұл аталық батасын берді.

Сарысу аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: