Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сағыныш жүректерді жылатты

Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сағыныш жүректерді жылатты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітіне елге танымал уағызшы, теолог, ғалым, хафиз Ерсін Әміре келіп, жамағатқа насихат жүргізді. 

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратты ғұмыры, үлгі-өнегесі, мінез-құлқы сөз болған жиын көпшіліктің жүрек төріндегі Алла елшісіне деген махаббатты одан ары күшейтіп, сағыныштан көзге ыстық жас алғызды. 

Уағыз барысында пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жасаған амалдары, дін жолындағы тәуекелі мен жемісі тілге тиек болды.

Ғалымның насихатына жиналған Жамбылдықтардың қарасы көп болды. Үгітті ұйып тыңдаған бұқара көкейкесті сауалдарын қойып, қаридан мысалға толы өте мықты жауаптар алды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: