Бабалар аманаты - тәуелсіздік

Бабалар аманаты - тәуелсіздік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының және мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен "Бабалар аманаты - тәуелсіздік" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, осы мешіттің наиб имамы Ержан Аманбаев сөз сөйлеп, ата-бабамыздың күшімен, көз жасымен келіп, көк туды желбіреткен ұлық мерекемен құттықтады. Сонымен қатар сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева тәуелсіздік жайлы, Отанға деген махаббат жайлы жүрек тербентер, әсерлі уағыз жүргізді. 

Іс-шарада егемендікке жету жолында құрбан болған боздақтар, тәуелсіздік арқасында азат болған дін еркіндігі, бодандықтан құтылу жолында жүріп өткен ел тарихы мазмұндалған арнайы бейнеролик ұсынылды. 

Көпшілік түрлі сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар алды. Дөңгелек үстелде елім деп еміренген әйелдер қауымы өз ойларын ортаға салып, Отанға деген жүрек жарды тебіреністерімен бөлісті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: