Найб имам ауылдық мешіттерді зерделеу жұмыстарын бастап кетті

Найб имам ауылдық мешіттерді зерделеу жұмыстарын бастап кетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының тапсырмасымен аудандық мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлы өңірімізге қарасты ауылдық мешіттерінің зерделеу жұмыстарын жүргізу ісін бастап кетті.

Атап айтатын болсақ, істің басы Белбасар ауылы "Хати Сауранбай" мешіті, Жаңа жол ауылы "Күнту баба" мешіті, Бірлікүстем ауылы "Бірлікүстем" мешіті, Қонаев ауылы "Қонаев" мешітінен басталды. Зерделеудегі басты мақсат жиналыстарда берген тапсырмаларды дер кезінде орындауларын бақылау. Сонымен қатар, сейфтердің нық орнатылуы, ақпарат тақталары, ілінген баннерлер, видео камералар мен қысқы дайындығы сондай ақ, мешіттің қожа шаруашылығы сынды т.б маңызды мәселелер қамтылды. Кем-кетік жерлерін тілге тиек етіп, Талғат Кәрібайұлы шұғыл түрде орындалуларын тапсырды.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлы аталмыш мешіттерде бесін, ақшам, құптан намаздарына қатысып, керітартпа ағымдарға қарсы уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Осындай игі іс-шара жыл соңына дейін барлық мешіттерді қамтып шығу керектігін ескерткен аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы келесі мешіттердің тізімін жасады.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: