Ауыл имамдарымен кезекті жиналы болып өтті

Ауыл имамдарымен кезекті жиналы болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Т.Рысқұлов ауданына қарасты имам-молдалардың кезекті жиналысы болып өтті. Жиналыста  аудан имамы Сұлттаншәріп қажы Жәнібекұлы  имамдарға маусымдық іс-шаралар туралы тапсырмалар беріп, алдағы уақыттарда назарда ұстайтын басты мәселелерді таныстырды.

Жиналыс күн тәртібінде  алдағы жылы атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланып бекітілді. Сонымен қатар жалпы мешіт  құжаттарын  жөнге келтіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, хабарландыру тақтасын ілу, қатарлы біршама мәселелер талқыланып, шешімдер шығарылды.

Сонымен қатар ҚМДБ имамдар форумыда  бекітілген «Жеті рухани қазық»,  «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тілімі және міндеттері» және «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» құжаттарын меңгеру, әр күнгі іс-қызметінде жүзеге асырып, күнделікті дағдыға айналдыру қажет екендігін Сұлтаншәріп қажы имамдарға баса ескертті.

 Мейірханов Әбілда 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: