Мойынқұмда мәуліт жыры қос тілде оқылды

Мойынқұмда мәуліт жыры қос тілде оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Еспенбетов Рысбайдың ұйымдастырумен, аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлының қолдауымен аудандық Мәдениет үйінде «Мәуліт-мерейлі мереке» тақырыбында рухани кеш өтті. Мерекелік кешке ауыл тұрғындарымен қатар аудан және ауыл ақсақалдарының төрағалары қатысты.

Аудан әкімі орынбасарының м.а. Амангелді Нәметқұлұлы қатысушыларға аудандағы діни ахуалдың барысын баяндап, мерекемен құттықтады.

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жәпек облыстық мешіттің бас имамының сәлемін жеткізді. Адамзаттың асылы, Алла елшісінің мәулідімен құттықтап, тал бесіктен жер бесікке дейін жалғасатын ұрпақ тәрбиесі жөнінде уағыз айтты. Сондай-ақ, Тараз шаһарынан арнайы келген көне «Әулие-Ата» мешітінің бас имамы Баймаханов Ораз қажы қос тілде мәуліт жырын оқыды.

Алматы қаласынан арнайы келген танымал әншілеріміз Ердос Қанаев пен Абибекова Назгүл ұлттық әндерімен тыңдарман қауымның көңілінен шықты.

Ауданның бас имамы  Еспенбетов Рысбай сөз алып, кештің жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген аудан әкіміне, аудандық ішкі саясат бөліміне және Мәдениет үйінің басшылығына алғысын айтты.

Кеш соңында «Мойынқұм» мейрамханасында ауыл ақсақалдары мен қонақтарға арнайы жайылған дастархан басында құран бағышталып, ақсақалдардың батасымен  тарқасты.

Аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: