Қордай ауданы Аухатты ауылында жаңа мешіт бой көтерді. Аухатты ауылының тумасы ел жұртына жаңа мешіт, асхана, дәретхана, қызметтік үйімен бірге салып берді.
Мешіттің ашылу салтанатына ҚМБД-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Қанат Жұмағұл келіп, жиналған қауымға уағыз-насихат айтып, ресми түрде мешітті ашты.
Мешіт салған кісілер өкіл имамға және Қордай ауданының бас имамы Даурен Куттыбаев мырзаларға сый-құрмет көрсетіп, шапан жапты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



19 Желтоқсан 2025
28 Джумада-сани 1447

