Жамбыл қаласындағы әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» және «Әулие ата» мешіттерінің Құран үйренуші шәкірттерінен емтихан қабылдады. Дәрістер 9 айлық «3 сатылы» курстан тұрады, әр 3 ай сайын алған білімдерін тексеру әрі келесі сатыға өту мақсатында емтихан алынады. Шәкірттер араб әліппесін оқудан, Құран кәрімдегі сүрелерді жүзінен және жатқа оқудан, сондай-ақ ғибадат, ақида, ахлақ және сира пәндерінен сынақтан өтті.
Білім алудың қаншалықты сауап екенін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмбеттеріне үнемі ескертіп отырған. «Ағаш бесіктен жер бесікке түскенше білім алындар. Ер мен әйелге білім іздеу парыз»,- деген.
Гүлжан Серікқызы әділ бағаларын қойған соң, жамағатты білім алуға, үнемі пайдалы ілімді шыңдап жүруге шақырып, уағыз айтты.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі