Шу жамағаты ұстаздың уағызына қанықты

Шу жамағаты ұстаздың уағызына қанықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Шу аудандық "Төле би" мешітінің жамағаты Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Ғазиз Ахмет ұстазбен жүздесті.

Ауданымыздың бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен елімізге белгілі ислам танушы ғалым Ғазиз Ахмет ұстаз Шу аудандық "Төле би" мешітіне арнайы келген болатын. Аудан имамы көпшілік алдында қонағымызды таныстырды. Өз кезегін алған Ғазиз ұстаз мінберге шығып, ата-ана қадірі жайында уағыз-насихат айтты.

Сонымен қатар, аталмыш мешітте шам намазы мен құптан намаз арасында дұғаның қабыл болу шарттары жайында уағыз өрбіді. Мешітке келген жамағат сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы келген қонағымызға рақметін айтып, тілегін жеткізді.

  Талғат Кәрібайұлы

 Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: