«Мұсылман Мұхаммедтің үмметімін» атты рухани кеш өтті (ФОТО)

«Мұсылман Мұхаммедтің үмметімін» атты рухани кеш өтті (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бастамасымен «Мұсылман Мұхаммедтің үмметімін» атты рухани кеші Баласағұн мәдениет сарайында қала тұрғындары және қонақтардың қатысуымен өтті. Кешіміз «Алғашқы уахидың түсуі» атты бейне роликпен Ислам тарихына шолумен басталып, «Алланың Өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деген ұстаныммен орталық мешіттің наиб имамы Бектаев Қасымжанның әуезді үнімен Құран оқылды.

 Дініміздің өркендеуіне қызмет етіп жүрген қала, аудан және ауыл мешіт имамдарының жыл бойы атқарған қайырымдылық жұмыстарымен таныстырылған бейнеролик көрсетілді.

Облыстық мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл жиналған жұртқа Мәуліт мерекесімен құттықтау сөзін айтып, тілегінің соңында «Туған жерге туыңды тік» деген ұранды ұстанған, өзі алтын алқа иегері бола тұра, кәсібінің нәсібін өзгелермен бөлісе білген Мадалиева Шымшық апайымызбен бірге, 5 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ерлі-зайыптылар  Дарменбеков Қасымбек пен Байсүгірова Балжанға  туып өскен Шу ауданы, Балуаншолақ ауылының төрінен басқа пана боларлық "Ел үлесі пәтерге" атты Жамбыл облысында 166 үйдің кілтін табыстады.

Республикамызға өнерімен танылған «Өнер қырандары» театрының  «Сахабалардың Пайғамбарға (с.а.у.) деген махаббаты» және «Қажылық» атты қойылымдарынан  көрерменнің көңіліне түйгені көп болды.

Танымал әнші Қанатбек Полатбектің орындауында «Толәғәл Бәдір» әні Алла елшісінің Мединаға келіп, мұсылмандар үшін жаңа кезеңнің басталғанын жырлады.

«Әулие ата» мешітінің бас имамы Ораз Баймаханов, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Қасымжан Бектаев және медресе шәкірттері Алла елшісінің өмірінен сыр шертетін «Мәуліт» жырын қос тілде орындады.

Елімізге танымал дінтанушы, ғалым  Ерсін Әміренің «Пайғамбарға сағыныш» тақырыбында айтқан уағызы тыңдарманның көңілін босатып Исламға деген құлшынысын арттырды.

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» дегендей, елімізге танымал әнші Ринат Төренің орындаған әндері Алла елшісінің үмметіне деген қамқорлығын бейнелеп берді.

Жиын соңында Бас имам Қанат Әділханұлы облысқа қарасты аудан және ауылдардың имам, молдаларына дініміздің өркендеуіне жасаған еңбектері үшін алғыс айтып, марапаттау рәсімін өткізді.

Мәулітті тамашалаған шаһар тұрғындары мен қонақтарына Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен сыр шертетін кітап, құрма, және «Елдік елге байланысты»  қоғамдық форумының үндеуін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес діни жоралғылардағы ретсіздік пен жөнсіз ысраптың алдын алу мақсатындағы ұсынылған ас мәзірі салынған пакет кәде-сый таратылды.  

Мерекелік рухани кешті тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтар елімізде дәстүрге айналып келе жатқан «Мәуліт» мерекесін ұйымдастырған орталық мешіттің ұжымына және «Өнер қырандары» театрының  өнерлеріне тәнті болып, ризашылықтарымен баталарын беріп жатты.

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: