ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рабиғул-әууәл айының құрметіне орталық «Кеңесхан қажы» және «Ар Рахман-Ар-Рахим» мешіттерінде жамағатқа Рабиғул-әууәл айының маңыздылығы туралы уағыздар айтылып, «Әулие ата» мешітінің имамы Баймаханов Ораз мәуліт оқығаннан кейін көпшілікке құрма таратылды.

          Ал, «Айсұлу ана» және «Нәметбай» мешіттерінде дастархан жайылып, келген қонақтарға Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Ахметов Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянын баяндап, қасиетті айда орындалатын құлшылық түрлерін атап өтсе, «Әбдіқадір» мешітінің бас имамы Айнабек Ахметов Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілікті тек Мәуліт айында ғана емес, махаббатымызды жыл бойы көрсетуге, Алла елшісі аңсағандай, қайырлы үмбеттерден болуға шақырды.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келуі Ұлы Жаратушының ғаламға сыйлаған ең үлкен нығметі мен жақсылығы екені сөзсіз. Құранда: «Біз сені күллі ғалам үшін рахым етіп қана жібердік»,-деп осы ақиқатты меңзеген. Сондықтан, оның дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмметі үшін үлкен қуаныш.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: