Жуалы жамағаты мәуліт кешін өткізді

Жуалы жамағаты мәуліт кешін өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы Көлбастау ауылында мүбәрак мәуліт мерекесі аталып өтті. Іс-шараға қадірлі қонақ ретінде ауыл қариялары, көрші ауылдардан арнайы қонақтар келіп қатысты.

Екі дүние сардары, соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмір жолын еске алып, салауаттар айтылатын игі жиында дастархан жайылып, көпшілік ас үстінде бас қосып, әсерлі уағыз-насихат тыңдады.

Шарада аудан имамы Нұрлан Амирбаев сөз бастап, Тараздан ат артып келген облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы, қари Қасымжан Бекжігітұлын көпшілікке таныстырды.

Облыстан келген дін маманы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратты ғұмырынан уағыз айтса, Сейітқазы Медетбеков мәуліт жырын оқыды. Сонымен қатар шараға келген бүлдіршіндердің құранға деген құштарлығын ояту мақсатында құран сүрелерін оқыған бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар берілді.

Мәулітке жиылған қауым қариялардан бата сұрап, аудан қариясы Әбілқасым Ергебеков көпшілікке ақ батасын берді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: