Жаңа жол ауылынан жаңаша бас қосу

Жаңа жол ауылынан жаңаша бас қосу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық өңірге қарасты Жаңа жол ауылы Б.Момышұлы мектебінде "Біз ысырапқа қарсымыз" атты тақырыпта Жаңа жол ауылының әкімі Дархан Әліпбаев, Жаңа жол округінің жетекшісі Қойбағар Мөлдір, "Күнту баба" мешітінің молдасы Берік Әуесбаев  және ауыл тұрғындары қатысқан келелі кездесу болып өтті.

Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы  жаназа және жерлеу рәсімдері, құдайы астардағы ысырапшылдықты тоқтату мәселелері бойынша сөз өрбідті. Дін маманы: "Ас мәзірін алдағы уақытта жасап, ауылдық мешіттерге баннер түрінде таратамыз, осындай игі іс-шараға ат салысып жүрген жерлеріңізде елге өсиет қылып, имам молдаларға жәрдемші болыңыздар, жалғыз аттың шаңы шықпас" - деп көкейдегі сөзін жеткізді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан қаласындағы 3-ші имамдар форумында қабылданған құжаттармен де халықты таныстырып өтті. Осындай игі шараның куәсі болған аудан тұрғындары дән риза болып тарқасты.

Сонымен қатар, шара соңында аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы, аталмыш ауылда орналасқан "Күнту баба" мешітінде, дәрет алатын орнын, ыстық су, суық су, газ құбырларын т.б қысқы дайындығын көру мақсатында болып, ауыл молдасына арнайы тапсырмалар берді.

Талғат Кәрібайұлы

 Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: