Қасиетті жұма күні Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы ауданға қарасты Белбасар ауылдық "Хати Сауранбай" мешітінде болып қайтты.
Ат басын Белбасар ауылына тіреген аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы, мешітке келген жамағатқа жұма тақырыбына сәйкес «Салиқалы әйелдің сипаты» жайында уағыз-насихат айтты. Аудан имамының уағызын ұйып тыңдаған көпшілік рахметін айтып шуласты. Ауыл ақсақалдары намаз соңында қолдарын жайып баталарын берді.
Сонымен қатар, аудан имамы аталмыш мешіттің қал жағдайын білу үшін, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы, қысқа дайындығы, дәрет алатын ыстық су, суық су, газ құбырлары, кітап сөрелері, видео камера т.б атқарған шараларын көріп қайтты. Кем-кетік жерлерін айтып, бірнеше кеңестер берді.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі