Қасиетті Мәуліт айының құрметіне, ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, Тараз қаласы, «Әулие ата» мешітінінде алғаш рет "мүлк" сүресінен қыздар арасында жарыс өтті. Фатима ұстаздың ұйымдастыруымен жарысты тамашалауға ұстаздар мен жамағат шақырылып, арнайы дастархан жайылды.
Мүлк - отыз күнәні жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Хадисте ибн Масғуд Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Мүлк дүниенің азаптарына тосқауыл болады» дегенін жеткізді. Құранда 30 аяттық сүре бар. Ол сүренің қиямет күні араша түсуі адамды Тозақ отынан сақтап, Жәннатқа кіргізеді. Бұл – Мүлк сүресі.
Сайыс талабы сүрені тажуид ережесіне сай әрі мүдірмей айтып шығу болды. Әділ қазылар: Алдасаева Гүлжан, Мирзаева Санталат, Қолағұлова Жібек, Айдарова Зора ұстаздардың алдында 33 қатысушы бақтарын сынады.
Қазылар шешімімен Саитханова Зарифа, Асанбай Хабиба, Альжан Латифа, Асанова Меруерт, Сингатулина Зейнеп, Мамакова Сумая, Набиева Каракөз өте жақсы және Зиеева Нигина, Алибаева Гульчахра, Касымова Азада, Мусаева Рисалат жақсы деп бағаланып, Жамбыл облысының бас ұстазы Гүлжан Серікқызы қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі. Барлық қатысушыларға Құран кітабы сыйға беріліп, сыйлықтар үлестірілді.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі