"Бірлікке бастар - ынтымақ"

"Бірлікке бастар - ынтымақ"

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Мойынқұм ауданында мәдениет үйінде "Бірлікке бастар ынтымақ" атты қоғамдық форум өтті.  Жиын Тараз қаласында өткізілген "Елдік елге байланысты" атты қоғамдық форумының аудандық түрдегі жалғасы болды. Оған жергілікті  зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, мешіт имамдары мен жастар қатысты.
 
Форымда қоғамда белен алып бара жатқан ысырапшылдықтан тиылу және ынтымақтықты нығайту мәселелері қозғалды. 
Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Еспенбетов өз сөзінде дініміздің ысырапшылдыққа қарсы екендігі жайлы сөз қозғады. Аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы көтерілген мәселелер төңірегінде өз пікірін білдіріп, жиынды қортындылады.
 
Форумда қабылданған Үндеуді аудан тұрғындары бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.
 
Мойынқұм аудандық мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: