РАНТ мүшесі Сарысу ауданында

РАНТ мүшесі Сарысу ауданында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласындағы аудандық мешітте РАНТ мүшесі Дүйсебаев Нұрболат Аманбайұлы жұма намазына келген жамағатпен кездесіп, уағыз айтты.

Білімсіз сөйлеудің қаншалықты қауіпті екені жайында, әсіресе діни сауатсыздық орға жығатыны жайында сөз қозғаған ұстаздың әрбір сөзі жиналған көпшілікке жетіп жатты. Қазіргі кейбір адасып жүрген жастардың адасуына себеп болған да сол діни сауатсыздық екенін Құран аяттары мен, Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен дәлелдер келтіріп жақсы жеткізіп берді. 

Жиынға қатысқан жамағат көптеген мәліметтерге қанығып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып тарқасты.

Сарысу аудандық мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: