Ұлт бойындағы рухани құндылықтарды жаңғырту мақсатында Кеше Т.Рысқұлов ауданыңдағы Мәдениет үйінде өңір тарихының аса маңызды кезеңі қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Елдік елдін қолында» атты қоғамдық форум өтті. Аталған форум өңірдегі қоғам белсенділерінің бастамасымен ұйымдастырылды. Форум жұмысына аудан әкімі, аудан имамы, өңірге беделді ақсақалдар, қоғам белсенділері, депутаттар және жастар қатысты.
Форум барысында ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптың уақыт ағымымен өзгеруі турасында түйткілді мәселелер қозғалса, ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол бермеу, жастар тәрбиесінің өзектілігі төңірегінде әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, жиында сөз сөйлеген аудан имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев тұрғындарды бірлік пен ынтымаққа, сабырлылық пен қанағатшылыққа, берекелі өмір сүруге шақырды.
Әбілда Мейірханов