Тараз қаласындағы «Нәби» мешітінде қалалық имамдар мен жамағат уағыз дастарханында бас қосты. Көпшілікке «Әзрет Әли» мешітінің бас имамы Амангелді Нәзірбайұлы "жүрек тазалығы" туралы уағыз айтты.
Ислам діні тазалыққа ерекше мән береді. Соның ішінде жүрек тазалығы. Құранда Алла тағала: «Қиямет күні мал-мүлік, бала-шаға пайда бермейді, кім де кім таза жүрекпен, сау жүрекпен келетін болса, міне сол пайда береді» дейді. Яғни, қиямет күні Алла біздің сыртқы келбетімізге емес, таза жүрекпен жасалған амалдарымыз бен құлшылықтарымызға қарайды екен.
Дастархан алдында Құран бағышталып, қариялар бата берді.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі