Жамбыл облысында 305-ші мешіт қолданысқа берілді

Жамбыл облысында 305-ші мешіт қолданысқа берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына сүйінші! Барысхан алқабында жаңа мешіт қолданысқа берілді. Құрылысы 2017 жылы басталып, алғашқы іргетасы қаланған Алла үйінің бұл ғимараты бүгінде толықтай аяқталып, ашылу салтанаты өтті.  

Іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, ақсақалдар, ел ағалары, имам-молдалар, Тараз жұртшылығы келіп қатысты. 

"Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Қасымжан Бектаев қасиетті Құран аяттарын оқып, өкіл имам көпшілік алдында мешіт салу жайлы әсерлі насихат айтты. "Сейдуаш ата" атауы берілген жаңа мешіт Жамбыл облысы бойынша 305-ші, ал Тараз қаласы бойынша 32-ші мешіт болып отыр. 

Жиында Қанат Әділханұлы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын оқып, мешіттің бас имамы қызметіне Ғазиз Мәдібековті тағайындап, халыққа таныстырды. Сондай-ақ, Алла үйіне Құран кітабын сыйға тартып, мешіт лентасын қиды. 

Айта кету керек, бұл Барысхан алқабы қалада жаңадан бой көтерген аймақ. Мұнда тұрғын үйлер көбейіп, қаланың элиталық аймағына айналғанымен мешіт болмаған. Мұсылманшылықты ұстанған халыққа осы мешіт құрылысын салып, ел игілігі үшін пайдалы іс атқарған жас демеушіге алғыс хат табысталып, әкесіне облыс атынан шапан жабылды. Ақсақалдар ақ батасын беріп, қалың бұқара ризашылығын білдірді. Сонымен қатар мешіт салушының анасы облыс имамына құрмет ретінде шапан жапты.

Тек Аллаға мадақ пен құлшылық жасалатын ғимаратта алғашқы сәлем намазы оқылып, жұма уағызы мен жұма намазы да жүргізілді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (3)

Оқи отырыңыз: