Шу ауданында жылдық есеп қорытындыланды

Шу ауданында жылдық есеп қорытындыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітінде жылды қорытындылау мақсатында, ауданға қарасты имам-молдалары қатысқан жиналыс болып өтті.

Биылғы жылы жиналыстың ерекшелігі Шу аудандық "Төле би" мешітінде қалалық "Жәми" мешіті және аталмыш мешітке қарасты қалалық мешіттер, Мойынқұм аудандық мешіті және ауданға қарасты ауылдық мешіттердің имам-молдалары қатысты. Арнайы осы шараға қатысқан Жамбыл облысының найб имамы Ғалымбек Жәпек имамдардың атқарған бір жылдық есебін тыңдап, бір неше ескертулер жасап, өз алдына бағасын берді.

 Қазан айының 23 жұлдызы Нұрсұлтан қаласында  3-ші имамдар форумы өткен болатын. Аталмыш форумда 4 құжат қабылданды. Атап айтатын болсақ, ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері, дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі, жеті рухани қазық қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы, рухани құндылықтар қоғам бірлігінің негізі, осы құжаттарды аудан, қала, ауыл имам-молдаларына облыстық найб имам Ғалымбек Жәпек егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы жиналыс соңында, имам-молдаларға келер жылғы жұмыс бұдан да көркейу керектігін тілге тиек етіп, істеріне сәттілік тіледі.

Талғат Кәрібайұлы. 

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: