Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы Шу қаласындағы «Шу теміржол колледжінің» талапкерлерімен кездесті. Жастарға мәнді де, мәнісі зор тәлім тәрбиелі сөзін айтып, «Экстремизм мен терроризмнің» алдын алу жолы ол тек, жастардың білімді болуы, еліміздің болашағы жастардың көзі ашық, көкірегі ояу жан жақты болуы.
Білімді адам ешуақытта адасып өзге жат ағымның жетегінде кетпейтіні анық екенін айтып өтті. Сондай-ақ террорлық әрекет жасап, жазықсыз кісі жанын қию, дінімізде тыйым салынған әрекет, яғни Алла Тағала жер бетіндегі бір кісіні өлтіру, жер бетіндегі барлық адамды өлтіргенмен тең екенін жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.