Кеше Т. Рысқұлов ауданы «Сұлтан» мешітінде ауыл имамдарының жылдық қорытынды жиналысы болып өтті. Жиналысқа облыстық мешіттің іс-басқарушысы Халит Қожахметов, аудан имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев қатысты.
Биылғы жылғы жетістіктер мен кемшіліктер сараланып, келер жылға келелі жоспарлар түзілетін жылдық жиналыста ауданға қарасты 30 мешіт имамдарының есебі тыңдалды. Сонау жыл мешіт имамдарының төмендегі төрт бағыт бойынша: үгіт-насихат жұмыстары мен қайырымдылық шаралары, теріс пиғылды ағымдармен жұмыс жасау және діни сауат ашу курстарын жандандыру бағытында жұмыс істеуі керектігін ашық айтылған болатын. Осы орайда, қорытынды жиналыста сөз алған мешіт имамдары жыл бойы жүргізілген уағыз-насихат жұмыстарының жалпы саны мен қамтыған көлемі жайлы кеңінен ақпарат беріп отырды. Сондай-ақ, құлшылық ордалары ұйытқы болған қайырымдылық шаралары мен жалпы қаражат көлемі де көрсетілді.
Жыл басынан бергі діни мейрамдар мен мемлекеттік маңызды мерекелер тұсында ұйымдастырылған іс-шаралар да қорытынды есептен қалыс қалмады.
Әбілда Мейірханов