Білікті мұғалім - уақыт талабы

Білікті мұғалім - уақыт талабы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздегі діни сауаттылықты арттыру мақсатында  облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен 2019 жылдың 21-23 қазан аралығында Тараз қаласында жалпы орта білім беру ұйымдарындағы «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері мен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған аймақтық  3-күндік оқыту семинары өтті.

Аталған жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев ұстаздар қауымына дәріс жүргізуде. "Бала оқытып жүрген мұғалімдердің  діни сауатты болуы өте маңызды. Өйткені, ұстаз - психолог. Баланың дұрыс-бұрыс бағытта жүргенін, оның психологиясын әрдайым қадағалап отырушы. Егер ұстаз дін тұрғысында баланың жандүниесін түсіне алмаса, үлкен қиындықтар туындауы мүмкін", - дейді білікті маман. 

Іс-шараның алғашқы шымылдығын Облыстық дін істері басқармасының міндетін атқарушы С.Байбатшаева кіріспе сөзімен ашқан болатын.

3 күнге созылған оқыту семинарында профессор, дінтану және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі исламтанушы-магистр Максатбек Каиргалиев сияқты елімізге танымал лекторлар дәріс оқып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында түрлі пікір алмасулар мен сұрақ жауаптар болып қызу талқыланды. «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері аталған семинардан мол ақпараттар алғандарын айтып, семинарда дәріс оқыған лекторларға және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: