Бірлесу-Еңбек жамағаты уағыз дастарханын өткізді

Бірлесу-Еңбек жамағаты уағыз дастарханын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылы "Бірлесу-Еңбек" мешітінде жамағаттың басын ас үстінде уағыз тыңдау үшін қосқан игі жиын өтті.

Кезекті айлық дастарханға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қатысты.

"Ислам дініндегі жеңілдіктер" тақырыбында өткен насихат дінді ауырлатпай жеңіл етіп жеткізу, имамға бағыну, мешіттің ішкі тәртібі сынды қадау-қадау мәселелерді де қамтыды.

Көпшілік шариғат төңірегіндегі көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды да нақты жауаптар алды.

Өкіл имам жиын соңында мешіт имамы мен жамағатына алғыс білдірсе, ақсақалдар ақ батасын берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: