Кеше Алға ауылдық округіндегі мешіт ашылу салтанатынан кейін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы және Шу аудандық "Төле би" мешгітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы, аудан өңіріне қарасты Белбасар ауылы, "Хати Сауранбай" мешіті, Жаңа жол ауылы "Күнту баба" мешіті және Бірлікүстем ауылы "Бірлікүстем" мешітінде болып қайтты.
Өкіл имам Қанат Әділханұлы ауыл мешіттерінің тыныс-тіршілігімен, шаруа қожалығы, мешіттің ішкі-сыртқы тазалық жұмыстарымен және ішкі ережелерімен т.б имамдардың атқарып жатқан істерімен танысты. "Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дегендей, "Бірлікүстем" мешітінің тұрақты жамағаты Ибрагимов Сәкен "Бірлікүстем" мешітіне мешіттің макетін жасап, сыйға тартқан болатын. Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы бұл сауапты іске тәнті болып, жуырда облыстық "Һибатулла Тарази" мешітіне келіп, облыстық орталық мешіттің макетін жасап беруін сұрады.
Шара барысында Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы имамдардың атқарып жатқан жұмыстарын тілге тиек етіп, өз алдына бағаларын берді. Имамдарының жанында жүрген ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаттары, келген қонақтарға баталарын жаудырды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі