«Рухани келісім күніне» орай спартакиада өтті

«Рухани келісім күніне» орай спартакиада өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

18 қазан - «Рухани келісім күні». Бұл күн еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі. Еліміз бүгінгі күннің биігіне осындай берекелі бірліктің арқасында жетті.

Міне, осынау татулықты ту еткен күннің құрметіне орай Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағында діни бірлестіктер мен филиалдардың өкілдеріне арналған спартакиада өтті. "Тараз Арена" спорт кешенінде өткен білекті бірді жығар мықтылардың сайысы гір тасын көтеру, кіші футбол, шахмат, қол теннисі бойынша жүргізілді. 

Тартысты өткен спорттық іс-шараға облыстағы түрлі дін өкілдері қатысып, жалпы сайыс қорытындысы бойынша "Һибатулла Тарази" медресесінің студенттері 1 орынды қанжығасына байлап, кубок иеленді. Ал гір тасын көтеру бойынша осы медресе шәкірттері 2-3 орындарды иеленсе, үстел үсті теннисі бойынша шәкірттер 1-2 орын, кіші футболдан "Әзірет Әлі" мешітінің жамағаты 1 орынды жеңіп алса, "Шайқорық" мешітінің жамағаты 2 орынға шықты. Барлық жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды. 

Қазіргідей алмағайып заманда өр­ке­ниеттер ара­сын­дағы бейбіт келісімді сақтау – өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, дін­дер арасындағы үнқатысуды дамыту – бүкіл әлемдік жауап­кершілік. Ал мұндай шара дәс­түр­лі діндердің басын жинап, ор­тақ мақсаттар туралы сали­қалы сөз айтуға, татулықта болуға мүмкіндік туғызады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: