Қала мешіттерінің қатары толықты

Қала мешіттерінің қатары толықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу қаласынының Батыс мөлтек ауданында келбеті келіскен «Кәрібай молда» мешіті өз жамағатына есігін айқара ашты.

Көптің көмегімен, демеушілердің қолдауымен біткен берекелі орданың ашылуына Жамбыл облысы бойынша ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы келіп, ашылу рәсіміне қатысты.

Қасиетті Құран оқылуымен басталған шараға, құтты болсын айтып, қуанып келген жамағаттың қатары көп болды. Республикалық мәндегі жолдың бойында орын тепкен бұл мешітке қиын қыстау кезеңде дін үйретіп, ұстаздық еткен Кәрібай молданың есімі берілді. 

Ашылу салтанатында келген Кәрібай молданың ұрпақтары, көзін көрген кісілер мен құда-жегжаттары сөз алып,  бағзыдан сыр шертіп, баталарын берді. Кәрібай молда туралы естелік айтты. Сондай-ақ, аталған құтхана құрылысына үлес қосқан жас пен жасамысқа құрмет көрсетіліп, сыяпат жасасты. Қазақтың салтымен шапан жабылды.

Өкіл имам Қанат Әділханұлы  жамағат алдында сөз сөйлеп, мешіт соғу туралы уағыз айтты. Бас мүфти, ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен осы мешіттің имамы болып тағайындалған  Нұрлан Қалиевты таныстырып, баспадан жаңа шыққан Құран кітабын табыс етті. 

Құттықтаулардан кейін мешіттің лентасын қию рәсімі өтіп, жамағат мешіттегі алғашқы намазын оқыды.  Одан бөлек, осы шарада гір тасын көтеру, қой көтеру сынды ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтіп, жиылған жұртқа ас берілді.

«Кәрібай молда» мешіті қаладағы 4-ші, аудандағы 28-ші мешіт болмақ. Тағы бір қуантарлық жаңалық, Тоғай мөлтек ауданында жамағат жаңа мешіттің құрылысын бастап кеткенін айта кеткен жөн.

Байжан ЕМБЕРДІ,

"Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: