Жастар өкілінің насихаты студенттерге үлкен ой тастады

Жастар өкілінің насихаты студенттерге үлкен ой тастады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Парасат" колледжінің студенттері ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаевпен кездесті.

"Дін - менің діңгегім" тақырыбында өткен жиында жастар арасындағы шариғатты ұстанудағы қадау-қадау қателіктер мен көркем мінез, көшелі ой жайлы сүбелі сөздер айтылды. 

Исламдағы үлгі боларлық марғасқа тұлғалар тілге тиек болып, пайғамбар (с.ғ.с.) өсиеті, шығыс шайырларының әдеп жайлы жазып кеткен қарымы қуатты даланық сөздері жеткізілді. 

Жастармен тығыз жұмыс жасап, олардың психологиясын бір кісідей ұғына білген білікті маман жүректі жылытар әрі аяздай қарып өтер күшті уағызымен көпшіліктің қиянтұрыс сауалдарына дәйекті жауаптар берді. 

"Қыз баласының да, ер баласының да тәрбиесі келешек үшін маңызды. Әркім өзін ауыздықтай білсе, жөнге сала білсе, өз нәпсісімен күресіп, имандылыққа тәрбиелесе, сол нағыз күрес" - дейді маман.

Тәрбиеге аса мән бере сөйлеген Ержан Аманбаев жастардан бұл тұрғыда қолдау тапты. Енді жастар осындай жиынның қайта келер кезегін күтуде.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: