ЖҰМАДАҒЫ ҚАЙЫРЫМ

ЖҰМАДАҒЫ ҚАЙЫРЫМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің ұлығы қасиетті жұма күні Шу қалалық «Жәми» мешітінде 500 қап жуа таратылды. Мешітке жиналған жамағатқа және де тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық жасалды. Аталмыш игі шараға қолы ашық жомарт жандар өз есімдерін атамауын өтініп, биылғы еңбектерінің ұшырын халыққа таратты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде; «Оң қолың берген садақаны, сол қолың көрмесін» - дегеннен болса керек.

 Дінімізде адам жақсылығын елге мақтаныш үшін жасар болса, ол жақсылықтан иесіне тарының түйіріндей де сауап жазылмасы анық. Әрине, әрбір амалдар ниетке байланысты, сондықтан ең әуелі мұсылман адам жасайтын әрбір амалын, Алла Тағаланың ризалығы үшін ниет ету керек.  Жаны жомарт, қолы ашық азаматтарымыз көп болғай!

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: