Қарттарым - асыл қазынам

Қарттарым - асыл қазынам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері тәлім-тағылымдары біз үшін орны бөлек.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің бастамасымен ауданда және ауданға қарасты ауыл аймақтарда, қарттарды құрметтеу мақсатында, қарттар күнін себеп қылып, мүмкіндігі шектеулі қарттар мен жағдайы төмен апа-әжелеріміздің үйлеріне арнайы барып қайтқан "Төле би" мешітінің найб имамы  Н.Қалиев  және мешіт ұстазы Е.Құлыбек қал-жағдайларын сұрасып, арнайы дайындалған сөмке толы азық-түлік,  пияз, картоп беріп қайтты.

Сонымен қатар, "Бірлікүстем" мешітінің молдасы Ж.Әлімбеков және Көкқайнар мешітінің молдасы Т.Оразбаев  себепкерлігімен ауылдық мәдениет үйінде қарттар күніне арналған көріністер қойылып, құттықтау сөздер айтылып, иықтарына шапан жабылып, марапат көрсетілді. Сондай-ақ, мешіттің асханасына дастарқан жайылып, Құран оқылып ас берілді. Осындай игі іс-шараға дән риза болған жұртшылық рақметін айтып тарқасты. Осындай шара алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: