Ұстаздық - ұлық емес, ұлы қызмет

Ұстаздық - ұлық емес, ұлы қызмет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұстаз - ұлы тұлға. Қай ғұламаны, ғалымды алсақ та,  тіпті әрқайсымыздың ұстазымыз бар. Барлық пенде ұстаз алдынан өткен. Білім мен тәрбие беріп, бағыт-бағдар, жол нұсқап отырар осы бір тұлғаның орны ерекше. Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы мен  ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі бірлесе отырып "Ұстаздар күні" мерекесін өткізді.

Орталық мешітке жиналған облыс бойынша дін жолында қызмет етіп жүрген барлық ұстаздарды және "Һибатулла Тарази" медресесінің оқытушыларын айтулы мерекемен құттықтау рәсімі өтті. 

Іс-шарада өкіл имам Қанат Жұмағұл бала оқытудың сауабы, ұстаздықтың маңызы жайлы сүбелі сөз сөйлеп, барша білім маманына сыйлықтарды табыстады. 

 Алла Тағала Құран Кәрімде білімнің артықшылығын бізге былай баяндайды: «Білетіндер мен білмейтіндер тең ба? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!»[«Зумар» сүресі, 9-аят] деген.

Міне, осындай білгенін басқаға үйретіп, болашақтың тәрбиесіне зор үлес қосып отырған ұстаздар қауымына сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева да жылы лебізін білдіріп, құттықтауын жолдады.

Ұстаздардың еңбегін елеп, сыйлық сыйлап, мотивация берген жиын барша маманның жүзіне қуаныш үйілтпей қоймады. Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Осы білімді үйретуші ұстаздарға қашанда құрмет көрсетуден аянып қалмайық. "Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты" дейді дана халқымыз.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА, 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: