Дін қызметкерлері қарттарды төл мерекесімен құттықтады

Дін қызметкерлері қарттарды төл мерекесімен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі, "Һибатулла Тарази" мешітінің қызметкерлері мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдаструымен "1 қазан - Қарттар күніне" орай №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына барып қайтты. 

Облыс өкілі, аталған мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев, облыстағы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаева, мешіт ұстазы Жалғас Жұбатхан қарттардың көңілін сұрап, сұхбаттасты.

 Дін қызметкерлерін аталған орталықтың Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі директор орынбасары Назарбекова Гүлзия Айтбайқызы қарсы алып, мекеменің тыныс-тіршілігімен, қариялардың хал-ахуалымен таныстырды. Айта кету керек, ғимаратта арнайы имандылық бөлмесі, Құран кабинеті де бар екен. 

Іс-шаралар өтетін акт залына жиналған көпшілік алдында өкіл имам Қанат Әділханұлы қарттарға жылы лебізін білдіріп, сүбелі сөз сөйледі. Дін қызметкерлері жылы аяқ киімдер, тәттілер, керекті басқа да қажеттіліктерді жеткізді. Жалпы жұмсалған қаражат саны 80 000 теңгені құрады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: